Шебер сынып

09.12.2024 жылы инклюзивті білім беру шеңберінде ПОҚ педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері Ж.Р. Жексембаева шебер сынып ұйымдастырды.

Дәріс барысында «ХХІ ғасыр мұғалімнің кәсіби қызметі» тақырыбы аясында сөз қозғалды. Дәріс «Төңкерілген сынып» түрінде  ұйымдастырылғандықтан, әдебиеттер, сілтемелер алдын-ала беріліп, студенттер лекция мәтіні бойынша видео контент түсіру, Google Формаларда анкета жүргізу, рөльдерді орындау сынды жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, «Қонақ кәдесі»  (Гостевая лекция)  шақырылды.

Дәріс соңында студенттер СМАРТ мақсат арқылы өздерінің білімдерін бағалап, кері байланыс ретінде Quizizz тест тапсырмаларын жүргізді. Лекция аясында оқушыларға жайлы орта құру өзектілігі мен маңызы ашылды. Дәрісте техникалық құралдар кеңінен қолданылып, ZOOM платформасы арқылы қатысам деушілерге кең мүмкіндік берілді.