Ғылыми тағылымдама

Жетісу университетінің докторанты ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің докторанты Ғалымжан Ахмет Қазан федералды университетінде Экологиялық, еңбек құқығы және азаматтық процесс кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Докторанттың ғылыми жетекшілері аталған университеттің профессоры, заң ғылымдарының докторы Елена Лунева және Жетісу университетінің философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Дәурен Бекежанов.
Докторант Ғалымжан Ахмет ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өту барысында диссертациялық жұмысы бойынша ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін, кітапхана қорынан дереккөздерді іздеу, диссертациялық зерттеулерді талдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістерін игереді. Сонымен қатар, ол тағылымдама кезінде кафедраның іс-шараларына, ғылыми семинарларға қатысып, диссертация тақырыбына байланысты заңнамаға салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуді меңгереді.
Ғылыми тағылымдаманың нәтижелері докторанттың алдағы диссертациялық жұмысына енгізіліп, диссертацияның ғылыми және практикалық маңыздылығын арттыруға мүмкіндік береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ