ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2024 жылғы 10 желтоқсан күні физика-математика факультетінде ғылыми семинар өткізілді. Семинарда PhD Ч.А.Хармысовтың «Тіршілікті жаңа жарықпен зерттеу: классикалық физикадан кванттық бейнелеуге» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар 8D01502  Физика БББ докторанттарының жұмыстары талданды.

Семинар барысында нақты уақыттағы микроскопиялық бейнелеу үшін ескі спектроскопиялық құралды пайдалану жолдары талқыланды және өмір туралы ғылымдар мен медицинадағы бұрыннан келе жатқан мәселелердің ықтимал шешімдерін, сондай-ақ құралдарды классикалық шектеулерден тыс жетілдіру жолдары ұсынылды. Қатысушылар ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша тәжірибелерімен бөлісе отырып, ұсынылған материалдарды белсенді талқылады.