12.12.2024 жылы БПҚ-211,БПҚ-212, МДҚ-211 топтарымен филология ғылымдарының кандидаты Раушан Омарқызы Асылова «Балалар әдебиеті» пәнінің аясында «Ілияс Жансүгіров — балалар әдебиетінің негізі қалаушы» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.
Әдеби-танымдық кеш І.Жансүгіровтың туғанына 130 – жылдығына арналған. Студенттер ақынның бай мұрасымен танысып, оның балаларға арналған шығармаларын жатқа оқып, әңгімелері бойынша сахналық көрініс қойды. Ақынның өлеңдері мен шығармалары болашақ ұрпақты тәрбиелеудің қайнар көзі екені талданды. Бүгінгі кеш осы ұлы мұраны дәріптеуге арналған маңызды қадамдардың бірі болды. Кеш соңында «Балалар әдебиеті» пәні аясында кітапқұмар жастардың санын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Буккросинг» сайысына қатысып, белсенділік танытып, көркем шығарма негізіндегі оймен бөліскен студенттер Басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Б.Сериевтің атынан дипломдармен марапатталды.