Желтоқсаның 5 күні Гуманитарлық факультеті, Шет тілдері және Аударма ісі  кафедрасының оқытушы-ассистенті, топ кураторы Жұмахан Мереке Жеңісқызының бастауымен ШТҚ 111 және ИЯР 111 білімгерлеріне  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында Мереке Жеңісқызы “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастырды. Студенттерде белсенділіктерін танытып өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейтті. Сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті. Сонымен қатар, студенттер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 2, 3 , 5, 14, 24 баптарымен таныстырылып, ақпарат алды.