«Жыл қорытындысы: Тәуелсіздік тұғыры»

Жуырда Жаратылыстану-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен «Жыл қорытындысы: Тәуелсіздік тұғыры» атты іс-шара өтті.
Шарада Жаратылыстану-техникалық факультетінің студенттері мен оқытушылары арасында «Ойлы білімгер», «Жеңімпаз спортшы», «Үздік куратор» «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Үлгілі жас ғалым» аталымдары бойынша жеңімпаздар аңықталды.
Үздіктер онлайн дауыс беру форматы арқылы анықталды.
Шараға «Республика» партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ришат Асқарбекұлы, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Данияр Искаков, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Жетісу облысы филиалының басшысы Бақберген Атантаев, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысы Бибігүл Омарова, «Ақжол» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егинбаев, «Жетісу» туристік ақпараттық орталығының басшысы Жандос Нуриев, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі кадрлар тобының бас маманы Альмира Керімбек, М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Жанар Карбозова, Б. Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп, биология пәнінің мұғалімі Гульназ Баримбекова қатысты.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant