Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығы қарсаңында, 2024 жылғы 9 желтоқсанда құқық және экономика факультеті, «Экономика және сервис» кафедрасының э.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Г.К. Лухманова білім алушыларға арналған «Теңге-Қазақстан Республикасы тәуелсіздік пен экономикалық тұрақтылығының нышаны» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-қазақстандық патриотизмді, азаматтықты тәрбиелеу, ұлттық нышандар мен рәміздерді құрметтеу, елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін мақтаныш.

