









І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне ғылыми тағылымдамадан өтуге келген Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласы И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің 3 курс докторанттарын Басқарма Төрағасы – Ректор, з.ғ.д., профессор Ермек Бөрібаев қабылдады.
Кездесу барысында ректор докторанттарға білім ордасының тарихы, бүгінгі тыныс тіршілігі, даму бағыты, ғылыми-техникалық базасы, білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, сондай-ақ, ғылыми байқаулар бойынша мол ақпарат берді. Қырғызстандық ізденуші докторанттардың ойын тыңдап, олардың зерттеу тақырыптары бойынша пікір алмасты.
#SDG #ЦУР #ТДМ