Пәндік олимпиада

13.12.2024 ж. Педагогика және психология факультетінде 6В01101 — «Педагогика және психология» және 6В01902 — «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламалары бойынша «Заманауи педагогика және психология» тақыбырында студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты: Белсенді және талантты білім алушыларды қолдау, студенттерге жарыстық ортаны құру және практикалық тәжірибелері мен ғылыми іс-әрекеттерін жетілдіру, педагогика және психология саласы бойынша студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Ұйымдастырушылар: Педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Мамекова Асем Танирбергеновна және оқытушы-дәріскері, педагогика ғылымдарының магистрі Азанбекова Гүлназ Турсынбековна.