


Жетісу облысы бойынша «Jetisu Digital» аймақтық IT-хабымен меморандум аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында түрлі оқу орындар студенттері арасында бизнес-инкубатор өткізілді. Алдымен студенттер өзінің IT саласына байланысты әр түрлі идеяларын ұсынып, үш ай ішінде оларды перспективалы жобаларға айналдырды.
Бизнес инкубаторға түрлі мекемеден 35 студент, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 14 студенті қатысты
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Jetisu Digital ынтымақтастығының арқасында студенттер өз әлеуетін толық көлемде іске асырып, өз жобаларын өңірлік деңгейде көрсете алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ