Астанада 18-20 желтоқсан аралығында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының бөлімше жетекшілері мен белсенділеріне арналған «Жас саясаткер мектебі» жобасы аясында оқыту курсы өтті.
Екі күндік курсқа 20 аймақтан 150 жас қатысты. Олар «Жас көшбасшылар платформасының» алғашқы қатысушылары атанды.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Асқар Рахым Жетісу облысынан қатысушылардың бірі болып таңдалды. Оқыту нәтижесінде Асқар өзін жақсы қырынан көрсетіп, іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларды өзінің жобаларымен таныстырды.
Шара соңында қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ