Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев 2024 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді.
Есептік кездесуге облыстық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары және Жетісу университетінің қызметкерлері, профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Жиында Басқарма төрағасы Жетісу университетінің білім беру саласындағы қызметіне жан-жақты тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерін атап өтті.
Кадрлық менеджмент, білім беру және ғылыми қызмет, шет елдік университеттермен ынтымақтастық, қос дипломды, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, университтетің инфрақұрылымдық дамуы мен жетістіктеріне жіті тоқталды.
«Жетісу университетінде бүгінгі таңда 12 ғылым докторы, 88 ғылым кандидаты, 34 PhD қызмет етеді. Академиляқ және ғылыми дәрежесі бар ПОҚ — 51 пайызды құрап отыр. Білім алушылардың жалпы саны — 5277 . Университет бітірген түлектердің 89 пайызы жұмысқа орналасты» — деді ректор.
Жиында Марке политехникалық университетінің филиалы, Аксиологиялық зерттеулер және медиатехнологиялар орталығы ашылғандығы, Оқу-зертханалық корпусы, Академиялық артықшылық орталығы, 5-ші буын технологиясы бойынша «Автоматтандырылған жылыжай» құрылысы бой көтергендігі айтылды.
Сондай-ақ, ректор спорттық жарыстардың жетістіктеріне тоқталды. 2024 жылы студенттер Әлем, Азия, Халықаралық, Республикалық Чемпионаттарда 26 алтын, 20 күміс, 10 қола медаль алды.
Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаты Ерғазы Қошанбеков Жетісу университетінің нәтижелі жұмысына жоғары баға беріп, алдағы жылға сәттілік тіледі.
#SDG #ЦУР #ТДМ