Информатика және білімді цифрландыру кафедрасы 10.01.2025 жылы 7М01503-«Информатика» мамандығының 2 курс магистранттарына зерттеу практикасы алдында бастапқы конференциясын ұйымдастырды. Конференцияға п.ғ.д., профессор Е.Ж.Смағулов, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.О.Алдабергенова, кафедра меңгерушісі К.К.Забиева қатысып, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырудың теориялық — әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері туралы құнды ақпарат беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
