Академиялық адалдық және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев және комплаенс-офицері Болат Қабыкенов университет қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары талқыланды.

Комплаенс-офицер Болат Қабыкенов қызметкерлер мен студенттер арасында академиялық адалдықты сақтау керектігін айтып, студенттердің құқықтарын қорғау мәселесіне де назар аударды.

Жиында сөз алған Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір қызметкердің азаматтық борышы екенін айтты.

#SDG #ЦУР #ТДМ