І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2025 жылдың 8-10 қаңтар аралығында профессорлық-оқытушы құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шеберлік-2025» қысқы мектебі ұйымдастырылды. Қысқы мектеп жұмысына Назарбаев университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Satbayev University профессорлары қатысып тәжірибелерін бөлісті. Білім берудегі жаңа трендттер, студенттер мен оқытушылардың академиялық жазу дағдыларын дамыту әдістері, оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың тиімділігі, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды кәсіби даярлау сынды мәселелер талқыланды.
Педагогикалық кадрлардың ғылыми әлеуетін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен кәсіби-тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында п.ғ.д., профессор Н.Абишев «Жоғары оқу орнындағы білім беру субъектілерінің өзара әрекеттесуінің ғылыми негіздері» атты дөңгелек үстел өткізді. Онда оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудағы білім беру субъектілерінің өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелері бойынша профессорлық-оқытушы құрамның пікірі тыңдалып, тыңдаушылар арасында талқыланды.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, п.ғ.к. Г. Қыдырбаева «IP білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен пәндерді оқыту жүйесі» атты мастермайнд өткізді. Бұл шарада кафедра меңгерушілері және білім беру бағдарламасын құрастырушылар білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне тоқталып, пәндерді оқытуға байланысты ұсыныстар айтты.
Практикалық бөлімінде оқыту формалары, әдістері мен құралдарын жетілдіру бойынша факультеттерде секциялық отырыс болды.
Қазақстандық және шетелдік ЖОО оқытушылары, жұмыс берушілер және университеттің ПОҚ пәндерді оқытудың әдістемелік тәжірибелерін ұсынды. Тыңдаушылар ауқымын кеңейту мақсатында қысқы мектеп жұмысы ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
#SDG #ЦУР #ТДМ