Педагогикалық шеберлік-2025

09.01.2025 күні «Педагогикалық шеберлік-2025», Қысқы мектеп бағдарламасы бойынша педагогика және психология факультетінде  дәстүрлі секциялық отырыс өтті.

Секция отырысына басқа ЖОО орындарынан әріптестеріміз, өндірісте көп жыл қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі мамандарымыз қатысты.

Спатай Айгүл Оразбекқызы, PhD, Орталық Азия Инновациялық университеті, «Тілдер және әдебиет» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. «Шет тілін оқытудағы жасанды интеллектінің психологиялық әсері» тақырыбында онлайн қатысып, баяндама оқыды.

Қазақстандық жалпы білім беру процесінде озық әдістемелерді енгізу бойынша жаңабрендӘлихан Бөкейхан атындағы BINOM School мектеп-лицейі, педагог-психологы. Сүлеймен Алма Бейбітқызы «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінездің алдын алудағы мұғалімнің рөлі»  тақырыбындаонлайн қатысып,  өз тәжірибесімен бөлісті.

Педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері,ф.ғ.к. —  Галиева Айгуль Нурсаитовна, ауданы,Сарыөзек кенті, Балдырған бөбекжай-балабақшасының  логопеді Асылбекова Гүлнұр Аманжолқызы «Жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар (1 деңгей) 3-4 жастағы балалармен түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибелік жұмыстарымен бөлісті.

Майлыбаева Гульмира Сабыровна, PhD, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі; Сейлгазинова Сандугаш Айтмухановна,  Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «N42 балабақшасы» МКҚК басшысы; Жарылкапова Айжан Шырынхановна, оқу-әдістемелік жұмысы басқармасының әдіскері, Ханеева Ольга Юрьевна, Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы шаруашылықты  жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны педагог-психологы  бірлескен  мамандар   «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеудің тиімді жолдары» атты тақырыпта ой-талқы жүргізді. Секция отырысында жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу жолдарымен  бөліскен спикерлер І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Басқарма Төрағасы — Ректорының  алғыс хатымен марапатталды.