2025 жылдың 10 қаңтарында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультетінде «Педагогикалық шеберлік-2025» қысқы мектебінің секциялық отырысы өтті.
Университет профессор-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мақсатында жүргізілген қысқы мектепте гуманитарлық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы: Калиева Б.Т. (Тақырыбы: «Тарих пәнін оқытудағы коммеморативті тәжірибелердің маңыздылығы»), Қайрбек А., Омарбекова Г.М. (Тақырыбы: «Effective Strategies For Organizing Distance Learning In High Education») семинар- тренинг жүргізді.
Семинарға педагог-шебер, «Академик» білім беру орталығының басшысы Филимонова Елена Рустамовна; Облыстық білім басқармасының әдіскері, педагог-зерттеуші Торпакова Арай Амирбековна, М.Жұмабаев атындағы № 19 мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Досаева Нурфазила Сатылхановна қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.