Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

Әскери кафедра қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді анықтау және мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – әскери кафедра қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, тәуекелдер мен мүдделер қақтығысын болдырмаудың әдістері мен құралдарын ұсыну.

Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы заңнамалық актілер мен қағидалар, қызметтегі этикалық стандарттар мен моральдық жауапкершілік, тәуекелдерді анықтау және басқару т.б бағыттары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді басқару, мүдделер қақтығысын болдырмау бағытында нақты ұсыныстарын білдірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ