Профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы спартакиада

Қазіргі жаһандық қоғамда  ой еңбегінен бөлек, дене еңбегі,  денсаулық сақтау мәселелері аса  өзекті. Спорт – тек қана физикалық белсенділік емес, ол адамның жалпы денсаулығын нығайтып, өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін  маңызды құрал.

І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу университеті Спортклубының жылдық жоспары бойынша  білім ордасының  профессорлық   оқытушылар  құрамы  мен  қызметкерлері   арасында  дәстүрлі Спартакиада өтті. 

Төрт күнге созылған жарыста ойыншылар волейбол, жүзу, стол теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан  тартыс, футзал  және  гір көтеру  сияқты спорттың 8 түрінен бақ сынады. 

Спартакиадаға Құқық және экономика, Физика-математика, Жаратылыстану-техникалық, Гуманитарлық, Педагогика және психология факультеттері  мен  Колледж, Ректорат  командаларынан 217 адам қатысып, озық ойын үлгісін көрсетті.

Қызметкерлер арасындағы тартысты бәскеде I орынды  Жансүгіров колледжі иеленсе, II орынды Ректорат командасы алды. Ал Гуманитарлық факультетінің  командасы IІІ орынның тұғырынан көрінді.

Профессорлық-оқытушылар құрамы  мен   қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын  насихаттауда дәстүрлі шараның маңызы зор болды.

#SDG #ЦУР #ТДМ