








Жетісу облысы Әділет департаменті мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасы заң клиникасының ұйымдастыруымен «Тегін заң көмегі күні» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негізде тегін құқықтық көмек көрсету. «Тегін заң көмегі күні» акциясы «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Акция барысында азаматтар әділет органдарының құзіретіне жататын сұрақтар бойынша адвокат, нотариус, заң консультанттары мен жеке сот орындаушыларынан құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Құқықтық сауаттылықты арттыру – құқықтық пәндер кафедрасы заң клиникасының және әділет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы бағытта Жетісу облысының Әділет департаменті мен Құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасының заң клиникасы халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
#SDG #ЦУР #ТДМ