








Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті студенттерінің арасында үстел теннисінен турнир өткізді. Аталған шара ҚР Қаржылық мониторинг органының құрылған күніне орай ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев қатысып, теннис ойыншыларына сәттілік тіледі.
«Белсенді салауатты өмір салты мен спорт кез — келген заманауи адамның ажырамас бөлігі. Департамент қызметкерлері дене тәрбиесіне, салауатты өмір салтын ұстануға ерекше көңіл бөледі. Осындай жақсы әдетке жастарды үйрету мақсатында студенттер арасында теннис турнирін өкізіп отырмыз»,-деді Еркін Амангелдіұлы.
Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев бүгінгі турнир І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында ұйымдастырылып отырғанын айтып, сала қызметкерлеріне алғыс білдірді. Турнирге департамент қызметкерлері мен университет студенттері қатысып, тартысты ойын өткізді. Жүлделі 3 орынды да университет студенттері жеңіп алды.
Жеңімпаздарды департамент басшысы грамота, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
#SDG #ЦУР #ТДМ