Хакатон-2025 зияткерлік сайысы

Жетісу университетінің командасы Хакатон-2025 зияткерлік жарысына қатысып жатыр.

Хакатон 2025 Қазақстанның жоғары оқу орындарының топ-менеджерлері мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдеріне «Сколково» Мәскеу басқару мектебі әзірлеген «FuturEdu Strategy Simulation» симуляциялық ойыны шеңберінде өз стратегияларын бірлесіп әзірлеуге, сынақтан өткізуге және нығайтуға мүмкіндік береді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы аталған зияткерлік жарысқа қатыса отырып, аналитикалық деректер мен тиімділік көрсеткіштеріне негізделген стратегиялық шешімдер қабылдауда өз құзыретін күшейтуде.

Хакатон университеттің топ-менеджерлерінің кәсіби өсуіне және даму стратегиясын жетілдіруге тамаша мүмкіндік берді.

Жетісу университетінің командасына сәттілік тілейміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ