




Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы 2025 жылғы 13 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында «Білім берудегі жасанды интеллект: оқытушыларға арналған практикалық курс» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курс тыңдаушылары оқуды жақсарту және білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін ЖИ негізгі тұжырымдамалары және құралдарымен танысты.
Оқыту барысында оқытушылар кері байланысты автоматтандыруға, деректерді бағалауға және талдауға арналған ЖИ құралдарын игерді, студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеретін дидактикалық материалдарды құруды, білім беру мазмұнын, соның ішінде бейнелерді, мәтіндерді және көрнекі материалдарды әзірлеу үшін генеративті нейрондық желілерді қолдануды үйренді.
Осы бағдарлама бойынша курстан 31 оқытушы өтті. Курсты Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскері Рима Абдуалиева жүргізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ