«Қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес ЖОО бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі жаңа әдіс-тәсілдер» семинар-практикум

Құқық және экономика факультеті, Экономика және сервис кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес ЖОО бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға Жетісу облысы бойынша кәсіпорын басшылары мен оқу орындарының өкілдері қатысты.

Семинар-практикумның мақсаты дуальды білім беруді енгізудің негізгі мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылау.

Білікті мамандар даярлау үшін оқу орыны мен кәсіпорын арасында әріптестік байланыс орнату.

#SDG #ЦУР #ТДМ