«BestProfi» ғылыми деректер базасы ашылды

Ғ.Орманов атындағы кітапхана «BestProfi» ғылыми деректер базасы ашылғанын хабарлайды!

Құрметті студенттер мен оқытушылар, университет сайтындағы кітапхана бөлімінде «BestProfi» ғылыми деректер базасы қолжетімді.
Базаға тіркеліп, мүмкіндікті пайдаланыңыздар!

Онда юрклуб – ішкі жүйеде ҚР заңнамалық актілері, халықаралық заңнама, ҒТҚ, мемлекеттік органдардың жауаптары, анықтамалық ақпарат, мақалалар және т.б. бар.

Сот практикасы — Барлық сатыдағы сот органдарының сот актілері (хаттамалар, шешімдер, үкімдер, Қаулылар және т.б.).

Құжат құрастырушы — ішкі жүйеде құжаттардың шаблондары бар. Мысалы: шарттар, келісімдер, актілер, шарттарға қосымшалар, сотқа дейінгі шағымдар, талап арыздар, бухгалтерлік шаблондар және т. б.

Контрагенттерді тексеру — контрагентті әртүрлі параметрлер бойынша тексеру, контрагентке жазылу және өзгерістерді бақылау.

Бұл мүмкіндік сіздердің оқу және ғылыми жұмыстарыңызды жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі!

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!

#SDG #ЦУР #ТДМ