





І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің конференц-залы толық модернизациядан өтті. Конференц-залға соңғы үлгідегі компьютерлер, микрофондар, дыбыс пен бейненің жоғары сапасын қамтамасыз ететін лед экран қойылған.
Бүгін Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев пен университеттің ардагер оқытушысы Амангелді Катенов қайта түрленген мәжіліс залының салтанатты түрде лентасын қиды.
Ермек Бөрібаев жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтады. «Университеттегі түрлі шаралар мен келіссөздер, конференциялар, тренингтер, семинарлар барлығы осы жерде өтетіндіктен, оны заманауи стандарттарға сай қажетті құрал-жабдықтармен қайта қамтамасыз ету аса маңызды», — деді ректор.
#SDG #ЦУР #ТДМ




