«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық ЖОО білім беру бағдарламаларының 2025 жылға арналған рейтинг нәтижелерін ұсынды.
Білім беру бағдарламалары төрт негізгі критерий бойынша бағаланды: түлектердің мансаптық мүмкіндіктері (49%); білім беру бағдарламаларының сапасы (24%); студенттердің жетістіктері (16%); жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері (11%).
Рейтингке І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 31 білім беру бағдарламасы қатысты. Соның ішінде 2 білім беру бағдарламасы үздік үштікке, 5 білім беру бағдарламасы үздік бестікке, 10 білім беру бағдарламасы үздік ондыққа енді.
#SDG #ЦУР #ТДМ