Ашық сабақ

05.02.2025ж “І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің” Физика-Математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының 6В01502-“Математика-Информатика” БББ 4курс білімгері Мелихан Әділет “Аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнің табу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өндірістік практика аясында ұйымдастырылып, оған ПҒД, профессор Е.Ж.Смагулов, “Қ.Қасымов атындағы ✓28 IT мектеп-лицейі” жетекшісі Нугербекова К.И. қатысты. Оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатылып, әрбір тапсырма бойынша кері байланыс берілді. Ашық сабақ жоғары бағаланды.