2025 жылдың 06 ақпанында Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының ұйымдастыруымен Физика-математика факультетінін білімгерлері арасында «Қазақтың бір туар ақиық ақыны- Мұқағали Мақатаев» атты оқуларының кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: білімгерлерге ақын шығармашылығын насихаттау, тіл мәдениетін жетілдіру, рухани-адамгершілік тәрбие беру. Кешіміздің қонақтары ретінде Мұқағали ақынның жерлестері, Облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы, Дене шынықтыру және өнер факультетінің аға оқытушысы Сарсенбаев Берик Бектурсынович, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аңсабаев Дүйсен Сандыбайұлы, Жетісу университетінің жастар саясаты бөлімінің басшысы Жайық Тазабекұлы шақырылды. Факультетіміздің Мұқағали жырын өлеңдерін жүректен жүрекке жеткізіп оқыған белсенді білімгерлерге алғыс хаттар тапсырылды.

