2025 жылғы 11 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гданьск университетімен (Uniwersytet Gdański) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Гданьск университеті (Польша Республикасы) 1970 жылғы 20 наурызда құрылған және Times Higher Education әлемдік рейтингінде «Құқықтану» бағыты бойынша 301-орын, QS WUR рейтингінде 801-орын иеленген.
Аталған меморандум білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бағытында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.
Бұл маңызды қадам екі университет арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, білім беру және ғылыми байланыстарды халықаралық деңгейде дамытуға ықпал етеді.
#SDG #ЦУР #ТДМ