ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Куаналиева.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 15 ақпан — 18 сәуір аралығында Жетісу университетінің құқықтық пәндер кафедрасының құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Кәсіпкерлік құқық» пәнінен дәріс өткізуде.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты студенттерге Кәсіпкерлік субъектілері мен еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бағыттарын талдау.

Бұл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен іскерлік қарым-қатынасты дамытады.

#SDG #ЦУР #ТДМ