І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы арасындағы меморандум

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті облыстағы мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық байланысын нығайтуда.
Бүгін білім ордасында Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасымен өзара серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында тараптар бакалавриат, магистартура, докторантура білім беру бағдарламаларының студенттері үшін Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасында оқу, өндірістік, дипломалды, зерттеу іс-тәжірибелерін өткізу, бірлескен ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Басқарма төрағасы Ермек Бөрібаев: «Жетісу университеті заң және құқық қорғау саласына маман даярлайтын өңірдегі бірден-бір жоғары оқу орны.

Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық студенттердің теориялық білімін практикада шыңдауға сондай-ақ, басқа да іс-шараларды бірлесе атқаруға жол ашады. Әскери прокуратура үшін тәжірибелі кадрларды даярлау мақсатындағы ортақ қызметіміз нәтижелі болатынына сенемін», — деді.

Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Еркін Қожа-Ахмет те Жетісу университетімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

#SDG #ЦУР #ТДМ