Семинар

14.02.2025ж  Педагогика және психология кафедрасының,  «8D01101-  Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1 курс  докторанты Ф. Мустафа   «Инклюзивті білім беруді цифрландыру» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында цифрлық технологиялардың инклюзивті білім берудегі рөлі, ерекше білім алушыларға қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру жолдары, жасанды интеллект пен инновациялық платформаларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.