ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы  Жаратылыстану – техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасының оқытушы-дәріскері  Ыбраймжанова Лаура Кайролдаевнаны құттықтаймыз! Жоба тақырыбы: «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша AP25796791 «Табиғи цеолитті экстрагенттермен модификациялау арқылы ауыр металдардан ағын суларды тазалауда сорбциялық қасиеттерін жақсарту».

Жолыңыз жемісті, өнімді және шабытқа толы болып, алда үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз.Ғылыми ізденістеріңе сәттілік, тың идеялар мен биік белестер тілейміз!