«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Елімізде қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар үлкен экологиялық проблемалардың біріне айналып отыр. Қоқыс қалдықтары – қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Аяла» және «Жасыл ел» студенттік бірлестіктері қала тұрғындары мен қонақтарын табиғатты таза ұстауға шақырды.

Олар «Біздің денсаулығымыз, салауатты өмір сүруіміз табиғатпен тікелей байланысты. Бірігіп, қаламызды таза етейік!» деген ұранмен көшеге шағып, қала орталығында, адам көп шоғырланатын жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акцияның мақсаты – экомәдениетті қалыптастыру, патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

#SDG #ЦУР #ТДМ