2025 жылдың 14-18 ақпан аралығында 2023-2025 жылдарға арналған 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» AP19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы аясында мүшелері А.С. Таурбекова, Б.К. Кыстаубаева, А.Т. Тынысханова, А.О. Есимбекова Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Management and Science университетіне іс-сапармен келді. Сапар тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Сапар барысында Management and Science University Халықаралық бөлімінің қызметкері Eva Tan Li Yin университеттің оқу және ғылыми қызметімен таныстырды, кездесу аясында одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Іс-cапар халықаралық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды.
Жоба аясында оқытушылар халықаралық білім фестиваліне қатысты, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының өзекті білім беру бағдарламаларымен танысты, тағылымдамалар мен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының мүмкіндіктері туралы талқылады.




