2025 жылдың 14 ақпанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Гуманитарлық факультет Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, PhD Ринат Серікұлы Жуматаев Қазақстан археологиясының өзекті мәселелері бойынша көшбасшылық дәріс өткізді. Дәріс барысында студенттер «Шілікті-Тарбағатай» және «Жетісу» археологиялық экспедициясының зерттеулерімен танысты. Зерттеу нәтижелері студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Дәріс соңында олар сұрақтар қойып, археолог маманмен пікір алмасты.
