





Ғылым және коммерцияландыру департаменті Жобалық кеңсесі авторлық құқық, патент және сауда белгілері мәселелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Жобалық кеңсенің менеджері Карима Беркинбаева зияткерлік меншік құқығын ресімдеу, құқықтық тәуекелдерді барынша азайту жолдарын көрсетті.
Зияткерлік меншікті тіркеуге және қорғауға байланысты практикалық мысалдар келтірді.
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Бұл іс-шара қатысушылардың кәсіби білімін нығайтуға және олардың осы саладағы құқықтық құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.
#SDG #ЦУР #ТДМ