«Ыдырысов оқулары» сайысынан жүлдемен оралды

2025 жылдың 26 ақпанында қазақ баспасөзін безендіру ісінің негізін қалаған көрнекті ғалым, жазушы, публицист, профессор Әбілфайыз Ыдырысовты еске алуға арналған дәстүрлі «Ыдырысов оқулары» аясында өтетін «Цифрлы трансформация жағдайындағы кітап ісінің баспа технологиялары мен бизнес-модельдері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға 6В03201-«Журналистика»  мамандығының студенттері қатысты. Аталған конференция аясында  «Үздік ғылыми жұмыс», «Үздік баспасөз материалы»,  «Дизайн өнерінің үздік туындысы» аталымдары бойынша жұмыстар сынға түсті.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің журналистика мамандығының 4 курс студенті Гүлнұр Баймұхан,  Каримова Бибигуль Жумашовнаның жетекшілігімен «Үздік ғылыми жұмыс» номинациясы бойынша 3 орын иеленді.

         Студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!