









24-25 ақпанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, з.ғ.д., профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы бастаған делегация халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстанның бірқатар жетекші университеттерінде болды.
Сапар аясында Өзбекстан Республикасы Құқық қорғау Академиясы, Ташкент халықаралық университеті, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында педагогика, құқықтану, білім берудегі цифрлық технологиялар, агробиотехнологиялар және ауыл шаруашылығы салаларына қажетті сапалы мамандар даярлау жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар бірлескен бағдарламалар әзірлеу, академиялық ұтқырлық, ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық конференция, тағылымдама, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Кездесу нәтижесінде Өзбекстанның үш жетекші жоғары оқу орынымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білім беру кеңістігін кеңейтіп, білім алушылар мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға күш салуда.
#SDG #ЦУР #ТДМ