28 ақпан 2025 жылы Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Омарбекова Гульжан Муратқызы ШТҚ 111 және ШТҚ 112 (IP) топтарымен «Practical English Grammar» пәнінен «Қызықты грамматика» атты сайыс сабағын өткізді.
Сайыстың негізгі мақсаты – өткен материалды қайталау және студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
- 1-кезең: Студенттер екі командаға бөлініп, өз командаларының атауын, капитанын және ұранын таныстырды.
- 2-кезең: Берілген сөздердің синонимдерін табу арқылы сайыс сабағының атауын анықтады.
- 3-кезең: Present, Past, Future шақтарын, модальды етістіктер мен шартты сөйлемдерді қолданып, шағын әңгіме құрастырды.
- 4-кезең: Грамматикаға қатысты түрлі тапсырмалар орындалды.
- 5-кезең: Дебат өткізілді.
Сайыс барысында Flipity, Educaplay, LearningApps платформалары, сондай-ақ HoloClock, Socrative, Genially сынды жасанды интеллект құралдары қолданылды. Әр тапсырма дескрипторлар арқылы бағаланып, «доллар» әдісі қолданылды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында тәттілер таратылды.
Сайыс қызықты әрі тартымды өтті, студенттердің белсенділігін арттырып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік берді.

