«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп»профилактикалық дәрісі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.

Профилактикалық дәріске Жетісу облысының прокуратура қызметкерлері, университет оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев жастардың құқықтық сауатты болуы маңызды мәселелердің бірі екенін айтты.

«Заң мен тәртіп, білім мен парасат өркениетті қоғамнның ажырамас бөлігі. Біз кез келген істе алдымен заңға арқа сүйеуіміз керек», – деді ректор.

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқығын әділ және шынайы қорғау мәселесіне тоқталды.

Дәріс соңында мамандар Мемлекеттік мекемелерге, Құқық қорғау органдарына жұмысқа тұру тәртібін түсіндіріп, студенттердің қойған сұрағына жауап береді.

Жиында азаматтардың қауіпсіздігі, қаржылық, құқықтық сауаттылығы, лудомания, өзге де әлеуметтік тақырыптар сөз болды.

#SDG #ЦУР #ТДМ