«Earth is dearer than gold» шеберлік сабағы өтті

Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Гүлдана Тұрабай мен Гульжан Омарбекова ШТҚ-111 және 112 (IP) топ студенттерімен «Earth is dearer than gold» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Шеберлік сабағының мақсаты – оқыту процесінде жасанды интеллект және AR (Кеңейтілген шындық) технологияларын тиімді қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Бұл шарада оқытушылар Hedra AI, PixVers AI, Talkingco.de AR hologram, Wiser, Merge Cube AR/VR сияқты заманауи жасанды интеллект құралдары мен кеңейтілген шындық технологияларын пайдаланып, студенттерге инновациялық және қызықты әдіс-тәсілдерді ұсынды.

Сабақ барысында әрбір технологияның оқытуда қалай тиімді қолданылатыны түсіндіріліп, білім беру үдерісінде жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы студенттердің оқу мотивациясы мен қызығушылығын арттыру мақсат етілді. Оқытушылар AR және VR технологияларын қолдана отырып, тақырыпты тереңірек әрі нақтырақ түсіндіруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің көмегімен оқыту жеке тұлғаға бағытталған, әрі оқу процесін жеңіл әрі қызықты етуге зор ықпал етті.

Бұл оқытушыларға жаңа заманауи құралдарды оқу үдерісіне енгізу жолдарын үйретіп, педагогикалық тәжірибеде жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығын көрсетті. Жасанды интеллект пен AR/VR технологияларының көмегімен оқушыларға пәндер тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық жағынан да ұсынылды, бұл олардың білімін арттыруға зор үлес қосады.

#SDG #ЦУР #ТДМ