«MISS ZHU — 2025»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде дәстүрлі «MISS ZHU – 2025» арулар байқауы өтті.

Байқауға 6 факультет пен колледжден 14 үміткер қатысты. Арулар 7 кезең бойынша бақ сынады.

Байқаудың жүлде қоры 450 000 теңге мөлшерінде болды. «MISS ZHU – 2025» байқауына қаладағы мекемелер мен ұйымдар 2 млн. теңге шамасында демеушілік көрсетті.

Университет аруы атанған құқық және экономика факультетінің студенті Ещан Айшаны ректор Ермек Бөрібаев құттықтап, 200 000 теңгенің сертификатын табыстады.

Барлық қатысушылар демеушілер берген ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ