




Гуманитарлық факультетінің ұйымдастыруымен «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында университет көлемінде шеберлік сабағы өтті.
Қазіргі уақытта жасанды интеллект (ЖИ), STEM және CLIL технологиялары арқылы оқу үдерісін модельдеу білім беру саласында қарқынды дамып, оқыту процесін тиімді етуде. ЖИ, STEM және CLIL технологиялары университет оқытушыларына және білімгерлерге көптеген артықшылықтар ұсынды.
Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, филос.ғ.к., С. Рахипова «Білім, ғылым, техника және технологиялар» атты тақырыпта жасанды интеллект арқылы оқу үрдісін модельдеуді көрсетті.
Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD, Б.Калиева тарих пәнін оқытуда STEM технологиясын қолдану арқылы оқу үрдісін модельдеуді, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Д.Есимбекова STEM және CLIL технологиялары арқылы хакатон форматында іс-тәжірибелік сабақты модельдеуді CLIL технологиялары арқылы үйретті.
#SDG #ЦУР #ТДМ