28.02.2025 күні Гуманитарлық факультетте Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары мен 6В01602 — “Тарих (IP)” білім беру бағдарламасының 1 курс білімгерлерінің қатысуымен “Алтын адамның аманатын арқалаған ғалым” атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында білімгерлер Алтын адамның күміс зереншегіндегі 26 әріптің сырын ашқан ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның өмір жолымен, ғылыми ізденістерімен терең танысты. Білімгерлер ғалымның еңбектеріне үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ кафедра оқытушылары тарапынан да толымды ой-пікірлер айтылды.

