








Жаратылыстану-техникалық факультетінің ұйымдастырумен «Қауіпсіздік және дайындық: теория мен практиканың өзара әрекеті» тақырыбында форсайт-конференциясы өтті.
Шара барысында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев пен Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрлан Бекбосынов меморандумға қол қойды.
Конференция мақсаты – ынтымақтастықты нығайту, төтенше жағдайларды басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде теория мен практиканы өзара әрекеттестіру. Оқытушы ғалымдар мен практик мамандардың тәжірибе алмасуы.
Пленарлық отырыста Экология және ауылшаруашылығы ғылымдар кафедрасының оқытушы-ассистенті, запастағы подполковник – М. Кульджатаев, Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, капитан Е. Нуркасен, ТЖД Психологиялық қызмет тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі А. Адамбекова, Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Қ. Нұрғалиұлы баяндама жасады. Онда студенттердің қауіпсіздік шараларына дайындығы, су тасқынының алдын алу т.б мәселелер айтылды.
Конференция аясында «ТЖМ жұмысындағы инновациялар мен технологиялар» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Робототехника және мехатроника зертханасының меңгерушісі А. Ибраимовтың жетекшілігімен физика-математика факультетінің 2 курс студенттері Д. Свечников, Р. Маматаева — «Scout» барлау және іздеу роботы жобасымен таныстырды.
Жаратылыстану-техникалық факультеті Экология және ауылшаруашылық ғылымдар кафедрасының аға лаборанты С. Сейлхан өрт сөндірудің заманауи әдістері: Meta Quest 2 — VR модельдеу жаттығуларын көрсетті.
#SDG #ЦУР #ТДМ