Академик Н. Базанова атындағы  марапат иегері

2025 жылдың 6 наурызында Алматы қаласы, Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н. Базанова атындағы  марапатты салтанатты түрде  табыстау рәсімі өтті.

Атаулы іс-шараға 400-ге жуық отандық ғылымды дамытуға айрықша үлес қосқан жетекші әйел-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

Тұңғыш отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н. Базанова атындағы  марапатпен 48 отандық ғылымның дамуына айрықша үлес қосып жүрген, ғылыми әлеуеті жоғары, ғылымның әртүрлі бағыттарында үздік нәтиже көрсеткен, жетекші әйел-ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті атынан оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Майлыбаева Гульмира Сабыровна қатысып, академик Н. Базанова атындағы  марапатқа лайықты деп танылды.

Майлыбаева Гульмира Сабыровна Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі еңбек өтілі барысында 400-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбектер авторы, гранттық қаржыландыру аясында бірнеше жобалардың ғылыми жетекшісі.