








І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлектерін қолдау мақсатында «Жасанды интеллект құралдарын педагогикалық тәжірибеде қолдану» атты семинар өтті. Семинарға Жетісу облысы, Талдықорған қаласы және жақын аудандардан, сондай-ақ Алматы облысы Жалпы білім беру ұйымдарымен Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан қатысушылар келді.
Іс-шара онлайн және оффлайн форматта өтті.
Шара соңында қатысушы түлектерге сертификат берілді. Семинар спикерлері — Информатика және білім беруді цифрландыру кафедрасының оқытушы-лекторлары Гүлмира Кастеева, Айжан Адамбекова, Ақпараттық технология және жасанды интеллект кафедрасының PhD докторы Рима Абдуалиева.
Алдағы уақытта осы бағытта іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.
#SDG #ЦУР #ТДМ