














І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 8 наурыз — халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар асыл жандар, шуақ болып шашылғандар» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты жиын Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаевтың құттықтауымен басталды.
«Әйел отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның барлық саласында еңбек ететін тұлға. Университеттің өркендеуіне, білім кеңістігінде нық қадам басуына қыз-келіншектердің қосқан үлесі зор», – деді ректор.
Мерекелік жиында білім беру мен ғылымдағы жоғары жетістіктері, көп жылдық жемісті еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін бірқатар қызметкер «Ілияс Жансүгіров» төсбелгісімен, Басқарма төрағасы-ректордың «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатымен», Кәсіподақ атынан берілген грамоталармен марапатталды.
Салтанатты шара университет ер-азаматтары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
#SDG #ЦУР #ТДМ








